БАҒАСЫ - 8000 ТЕҢГЕ: ТАЛДЫҚОРҒАННАН АЛАКӨЛГЕ ҰШАҚТАР ҚАТЫНАЙ БАСТАДЫ

Уақыты: 14.05.2020
Оқылды: 880
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Жетісу" әуе компаниясы" АҚ кестесіне сәйкес, Талдықорған-Үшарал-Талдықорған бағытындағы ұшу рейсінің маусымы басталды.

Алғашқы рейсте Л-410 УВП-Е20 ұшағымен ұшқан жолаушылар Алакөл ауданына қарасты "Үшарал" әуежайына келіп қонды.

Қазіргі карантин режиміне байланысты әуежайда санитарлық талаптар қатаң сақталған.

Ұшып келген жолаушыларға барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, Алакөл аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері тарапынан тепловизормен дене қызулары өлшеніп, анкета толтырылып отырады. 

Әуежайда бетперде режимі қатаң сақталған.

Талдықорған-Үшарал-Талдықорған бағытындағы ұшақтар күнделікті сағат 10.00-11.00-де, 10.30-11.30-да қатынайды. Билет құны - 8.000 теңге. Ал Нұр-Сұлтан-Үшарал-Нұр-Сұлтан және Алматы-Үшарал-Алматы бағыттарындағы әуе рейсі ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастап ұшады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан