Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

БІРІ ЖАЗЫЛАДЫ, БІРІ ЖҰҚТЫРАДЫ: КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА ДЕРЕКТЕР

Уақыты: 24.05.2020
Оқылды: 316

"Алматы облысында тағы 9 адам коронавирустан жазылып шықты. Олар Іле және Кеген аудандарының тұрғындары", - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

1972, 1973, 1976, 1979, 1988, 2000, 2001 жылы туған азаматтар және 1993 жылы туған екі тұрғын 5 мамырдан бері Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасында ем қабылдаған. Қазір жағдайлары жақсы, денсаулықтарына шағымдары жоқ. Сөйтіп, Алматы облысында коронавирустан 24 мамырдағы жағдай бойынша 159 адам емделіп шықты.

Өкінішке қарай, 24 мамыр, сағат 12:43-те қауіпті індетті жұқтырған тағы 6 адам тіркелді. Олар Талдықорған қаласы мен Ескелді, Талғар аудандарының тұрғындары. Соңғы мәлімет бойынша Талдықорған қаласында науқастар саны 46-ға жетті. Ал жалпы облыс бойынша ауырғандар саны 284 адам болды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды