ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҚАУІПТІ ІНДЕТ ЖҰҚТЫРҒАНДАР 75 АДАМҒА ЖЕТТІ

Уақыты: 31.05.2020
Оқылды: 862
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 23 адам тіркелді. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі мәлімдеді.

Атап айтқанда, Талдықорған қаласында вирус жұқтырғандардың саны - 10, Қапшағай қаласында - 8, Қарасай, Панфилов, Алакөл аудандарының əрқайсында 1  жағдайдан және Текелі қаласында 2 жағдай тіркелді. Сөйтіп, Талдықорған қаласында қауіпті індет барлығы 75 адамнан табылып отыр.

Барлық 23 науқас қадағалау нәтижесінде анықталды, 14 науқас бұрын коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болған. 9-ының науқасы профилактикалық тексеру барысында анықталды.

Барлық науқастар бұрын оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексерулер жалғасуда.

31 мамыр, сағат 9:00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында  инфекция жұқтырған 349 адам тіркелген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"