"АСЫЛЫП ҚАЛҒАН": ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНДА ОН ЖАСАР БАЛА ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАДЫ

Уақыты: 25.06.2020
Оқылды: 1045
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Текелі қаласында 10 жасар бала асылып өлді. Бұл туралы Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев желідегі парақшасына жазды.

«Бұл постты жазуға түрткі болған - түнгі оқиға. Он жасар Владты түні бойы іздедік. Маған Влад жоғалып кетті деген хабарды түнгі 1.30-да еріктілер телефон соғып жеткізді. Бармаған, іздемеген жеріміз қалмады. Сөйтсек, Влад үйінің артындағы қалың ағаштың ішінде асылып қалған екен. Өте өкінішті, бұл өлімге не түрткі болғаны тергеу амалдары аяқталған соң белгілі болар. Владтың әкесі жайлы нақты мәлімет жоқ, өгей әкесі кәріс ұлтынан екен. Бала тәрбиелейтін әке қайда, жалпы еркектер қайда кеткен? Маған қызметіме байланысты жалғызбасты, көпбалалы аналар жиі келеді. Сонда мен «бұлардың әкелері қайда?» деп сұраймын. Көбінің жауабы жоқ, ал жиі еститінім - әкесі маскүнем, арақ ішіп кеткен», - деп жазды Текелінің әкімі Б.Өнербаев.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"