АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ

Уақыты: 05.08.2020
Оқылды: 894
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына Өмірзақ Ниязбеков басшы болып тағайындалды.

Өмірзақ Әбілсейітұлы 1966 жылы туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын дәрігер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Алакөл орталық аудандық ауруханасының хирургия бөлімінде хирург болып бастаған. Әр жылдары Үшарал қаласының Орталық қалалық ауруханасында дәрігер-хирург, хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, Түрксіб санаторийінің бас директоры, №7 Алматы қалалық клиникалық ауруханада дәрігер-хирург, Алматы қаласындағы емдеу-диагностикалық орталығында амбулаториялық-емханалық бөлімше дәрігері, Қаскелең қаласындағы «Қарасай АОА» ШЖҚ МКК директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, Қаскелең қаласындағы «Қарасай АОА» ШЖҚ МКК ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласындағы «Алматы өңірлік онкологиялық диспансері» ШЖҚ МКК директорының медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған.

2018 жылдың шілдесінен - Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Бұған дейін Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болған Бауыржан Ысқақ өз еркімен жұмысынан кеткені туралы осыған дейін хабарланған болатын.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"