"ТОҚТАДЫ": ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ ЖАРИЯЛАДЫ

Уақыты: 10.08.2020
Оқылды: 907
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады. Бұл қуанышты жаңалықты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті.

- Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтатылды. Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. Медициналық қауымдастықтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі өзіне жүктелген міндетін толық көлемде орындап жатыр. Осылайша, еліміз ең күрделі кезеңді артта қалдырды десек болады, - деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол халықты санитарлық ережелерді қатаң орындауға шақырды. «Бірақ жеткен жетістікке қуанып, босаңсуға болмайды. Ендігі міндетіміз – індетті жұқтыру мен өлім-жітімді тоқтату. Осы ретте барша қазақстандықтарға санитарлық ережелерді орындауға шақырамын», - деді Б.Қожахметов.

"ҚАЗАҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды