КОРОНАВИРУСТЫҚ ПНЕВМОНИЯ: 12 КҮНДЕ 181 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 12.08.2020
Оқылды: 824
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Елімізде коронавируспен ауырғандардың саны 12 тамыз, сағат 13:10-дегі жағдай бойынша 100 мың 855-ке жетті. Ал коронавирус белгілеріне ұқсас пневмония дертіне шалдыққандар 14 мың 760 адам болды. Қорқыныштысы, коронавирус расталған науқастардан гөрі пневмония қарқыны жоғары. Бұл туралы коронавирус туралы ресми сайтта жарияланды.

Коронавирус жұқтыру дерегі бойынша Нұр-Сұлтан (13348), Алматы (13650), Шымкент қалалары (5121) алда тұр. Жалпы елімізде жазылып шыққандар саны - 74 мың 677 адам. Оның ішінде, Алматы облысында 4 мыңнан аса адам емделді. Ал 800-ге жуық адам ем қабылдап жатыр.

COVID-19 белгілеріне ұқсас пневмония бойынша мәліметтерге келер болсақ, расталған жағдай - 14 мың 760. Тамыздың 1-нен бері, яғни, 12 күннің ішінде өкпе қабынуынан қайтыс болғандар 181-ге жетті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды