ТАПА-ТАЛ ТҮСТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАН ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Уақыты: 15.08.2020
Оқылды: 1208
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талғар ауданының полицейлері тапа-тал түсте дүкен тонаған ерлі-зайыптыларды ұстады. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Оқиға Талғар қаласында орын алған. Азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар алдын ала келісу арқылы үйлеріне жақын маңдағы дүкеннен азық-түлік алып, сатушыларын қорқытып, төлеместен оқиға орнынан із суытқан.

Полицейлерге қоңырау шалынған соң тәртіп сақшылары шұғыл жетіп, қылмысқа қатысы бар тұлғаларды жылдам анықтады.

- Азаматтық некеде тұрып жатқан екі азаматтың өзара келісуімен қылмыстың орын алғаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 32 жастағы күдікті аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - дейді Талғар ауданы полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Қасым.

Тергеу барысында күдікті азаматтың бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Ол дүкен сатушыларына бұрын сотты болғанын және ештеңеден тайынбайтынын айтып қорқытқаны белгілі болды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"