Оқи отырыңыз
Талдықорғандағы "Достық үйі" - қоғамдық келісім орталығының директоры болып журналист Сандуғаш Дүйсенова тағайындалды.
Алматы облысының Достық үйі - Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірдегі бірден-бір өкілдігі. Мұнда Алматы облысындағы ұлттар мен ұлыстардың этномәдени бірлестіктері орналасқан.
Сандуғаш Елубайқызы өзінің желідегі парақшасында өңірдің достығы мен татулығын одан әрі нығайтуға бар күш-жігерін салатындығын, ынтымақ пен бірлік жолында аянбай еңбек етіп, осы салаға өз үлесін қосатындығын айтып, арнайы пост жазды.
Айта кетейік, Сандуғаш Дүйсенова Алматы облысындағы өзекті мәселелерді ұдайы көтеріп жүретін, көпшілікке жақсы таныс, белсенді журналистердің бірі.
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"