ТЕКЕЛІДЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫН АЛАҢДАРЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

Уақыты: 21.09.2020
Оқылды: 1174
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Текелі қаласының Жеңіс көшесі ауласында балаларға арналған және "Workout" спорттық алаңдары халық игілігіне қолданысқа берілді. Бұл туралы Текелі қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Атап айтсақ, биыл қаламыз бойынша барлығы 22 балалар ойын алаңын және 6 "Workout" алаңы мен 6 спорттық алаң салу жоспары бекітілген. Қазіргі таңда осы нысандар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Биыл Текелі қаласы бойынша 15 көшеде күрделі жөндеу жұмыстары бастау алған. Соның ішінде "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" жобасы аясында қаламыздағы 10 көшеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап өтсек, «Алатау» шағынауданында 4, «Достық» шағын ауданында 6 көше қайта жөнделіп жатыр. Сонымен қатар, Жол картасы аясында Қонаев көшесі бойындағы 1.8 км құрайтын жаяу жүргіншілер жолы мен арық жүйесінің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

"Достық" шағынауданында 6 көшенің (әл-Фараби, Достық, Орақты батыр, Жансүгіров, Кольцевая, Жалайыри) және Қаратал көшесіндегі арық жүресінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Жалпы, 6.3 км жол жасалған және де 9 көшенің жарық жүйелері (шамдары) ауыстырылып, қайта іске қосылды. Сондай-ақ, 20 қоқыс контейнерін қоятын орындар жаңартылып 30 евро-контейнер орнатылуда.

Аталмыш жобалар бойынша "Көсем Ltd", "Элит Строй", "Golden City", "ИП Қалым" "Талдықорған жолдары", "Нұр Шапағат Құрылыс" сынды мердігер компаниялар жұмыс атқаруда.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"