ҚАРАҚШЫЛЫҚ: ПОЛИЦЕЙЛЕР ТІКҰШАҚПЕН ӨЗЕН ЖАҒАЛАУЛАРЫН ТЕКСЕРДІ

Уақыты: 26.09.2020
Оқылды: 934
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Полицейлер Қапшағай су қоймасының үстінен тікұшақпен жоспарлы ұшып өтуді ұйымдастырды. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлады.

"Браконьер" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Қапшағай қаласының табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері жануарлар дүниесі және су ресурстарын қорғау инспекциясымен, Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясымен, "Аэро Орман қорғаумен" (өрт қызметі) бірлесіп, Қапшағай су қоймасының оңтүстік жағалауын, сондай-ақ, Іле өзені бойымен Қытай шекарасына дейін жоспарлы ұшып өтуді ұйымдастырды. Қапшағай су қоймасының 22 учаскесінде Қытай өндірісінің браконьерлік желілері табылды. Аталған желілер жағада өртеу арқылы жойылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"