ЖЫЛЫ КИІНІҢІЗ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АЛДАҒЫ ҮШ КҮНДЕ ҮСІК ЖҮРЕДІ

Уақыты: 26.09.2020
Оқылды: 1155
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы облысының ауа райына қатысты тұрғындарға ескерту жариялады.

"Қазгидрометтің" хабарлауынша, 27-29 қыркүйек аралығында Алматы облысының кей жерлерінде түнгі уақытта -3 градусқа дейін үсік жүреді деп күтілуде. Осыған байланысты Алматы облысының төтенше жағдай департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"