Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

МЕКТЕПТІҢ, МЕШІТТІҢ ЖӘНЕ ТЕАТРДЫҢ ЖҰМЫС РЕЖИМІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

Уақыты: 27.10.2020
Оқылды: 456

Премьер-Министр Асқар МАМИННІҢ төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтіп, онда карантинді жеңілдетуге бағытталған бірқатар нақты шешімдер қабылданды. Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты хабарлады.

Атап айтқанда:

I.Мектептегі оқыту бойынша екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300 балаға дейін болатын қала және ауыл мектептерінің жұмысы дәстүрлі форматқа көшіріледі;

- ата-аналардың өтініші бойынша 1-сыныптан 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілсін. Бұл жағдайда санитарлық-дезинфекциялық режимді, бетперде режимін, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік ара қашықтықты сақтау міндетті.

II.Театрлар мен мешіттердің жұмысы бойынша 2 қарашадан бастап рұқсат етілсін:

- 30 пайызға дейін толығумен, бірақ залда 100 адамнан асырмай, театрлардың жұмыс істеуіне (әлеуметтік ара қашықтықты, бетперде режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен);

- жұма намазын қоспағанда, мешіттерде ұжымдық намаз (бес намаз) өткізуге, бірақ залда 100 адамнан асырмай (2 метр әлеуметтік ара қашықтықты, бетперде режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен).

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"