Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

КАСПИЙ БАНКТЕГІ АҚШАНЫ ӘЛДЕКІМ АЛЫП ҚОЙМАЙ МА? РЕСМИ ЖАУАП

Уақыты: 28.10.2020
Оқылды: 308

Бүгін таңертең Kaspi.kz банкінің операцияларында техникалық ақау пайда болды. Осыған байланысты аталған банк тұтынушылары арасында дүрбелең туа бастады. Көпшілігінің ойы шоттағы қаржы жоғалып кетпей ме, әлдекім алып қоймай ма деген күдікке толы.

Туындаған мәселеге байланысты Kaspi.kz өкілдері ресми түсініктеме берді. "Өкінішке қарай, Kaspi.kz-те техникалық ақаулар болды. Карта арқылы төлем жасау, банкоматтардан ақша шығару және толтыру, сондай-ақ, төлемдер мен ақша аударымдары уақытша істемейді. Біз, мүмкіндігінше, тезірек бәрін түзету үшін жұмыс істеп жатырмыз», - делінген банк хабарламасында.

Банк өкілдері ақауды тезірек жоюға уәде берді. Клиенттердің өз шоттарындағы ақшалары да сол күйінде сақталатынын жеткізді. Банктің баспасөз хатшысы Ербол Азанбек те мәселеге сабырлық танытуды өтініп: "Достар, Kaspi.kz-те уақытша техникалық ақау болып тұр. Аз уақытта қалпына келеді. Ақшаларыңыз орнында. Алаңдамаңыздар", - деп мәлімдеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан