КЕГЕННІҢ ОҚУШЫЛАРЫ МЕКТЕПКЕ ШАҒЫН АВТОБУСПЕН БАРЫП-ҚАЙТАДЫ

Уақыты: 21.11.2020
Оқылды: 822
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бала – бақыт, бала – болашақ! Тәуелсіз Отанымызда ана мен балаға барынша жағдай жасалып келеді. Әсіресе, мектеп қабырғасында жүрген жас ұрпақтың алаңсыз білім алуы аса маңызды. Осы орайда шағын ауылдардан тасымалданып оқытылатын балаларға қажетті жағдай жасалуда.

Кеген ауданында қуанышты шара болды. Атап айтқанда, өңірдегі Тасашы, М.Орманов атындағы орта білім ошақтарына, №3 Кеген мектеп-лицейіне және Кеген балалар өнер мектебіне 17 орынды шағын автобустың кілті салтанатты түрде табысталды.

Аудан әкімі Талғат Байеділов кілтті тапсырып тұрып, мектеп ұжымына жүрекжарды лебізін білдірді. Биылғы оқу жылына жаңа жетістіктер тіледі. Аудандық ардагерлер мен ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сабыр Досымбеков ақ батасын берді. 

Қанат БІРЖАНСАЛ

Кеген ауданы

Алматы облысы

Сурет - ғаламтордан