АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БОРАН САЛДАРЫНАН ҚАПАЛҒА БАРАТЫН ЖОЛ ЖАБЫЛДЫ

Уақыты: 30.11.2020
Оқылды: 894
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қапалдан "Алматы-Өскемен" автомагистраліне шығатын облыстық маңызы бар жол бұрқасын қардың салдарынан уақытша жабылды. Бұл туралы Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлімдеді.

"2020 жылғы 30 қараша, сағат 09.30 бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) «Алматы-Өскемен – Қапал-Арасан шипажайы» облыстық маңызы бар автожолының 0-45-ші шақырымы барлық көліктерге жабылды. Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан осы бағытпен жүруді тоқтата тұруды сұрайды", - делінген ресми хабарламада.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"