САЯСИ НАУҚАНДА 101 ЖАСТАҒЫ ЖАРКЕНТТІК АПА ДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

Уақыты: 12.01.2021
Оқылды: 1126
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Панфилов ауданында 101 жастағы әже де дауыс берді. 12 баланы тәрбиелеп, өсірген кейуана бүгінгі таңға дейін қанша рет дауыс бергенін білмесе де, әрқашан саяси науқаннан еш қалған емес. Еліміздегі саяси оқиғалар мен жаңалықтарды қалт жібермейтін Нағиман Шалабаева да барша қазақстандықтармен бірге жәшікке бюллетень салды.

Саяси науқан қарсаңында ауданда 700-ге жуық тұрғын үйден дауыс беруге өтініш білдірген еді. Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова апа да заңды таңдау құқығын үйінде жасады.

"Биыл ерекше жыл болды. Сайлау кезінде көппен болушы едім. Үйден дауыс бердім. Бұл - еліміздің болашағы", - деп пікірін білдірді Еңбек Ері.

Жалпы, Панфилов ауданында науқан кезінде 87605 сайлаушының тізімі жасақталды, 74 сайлау учаскесі болды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"