ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ШАМАМЕН 2-3 БАЛДЫҚ ЖЕР ДҮМПУІН СЕЗІНДІ

Уақыты: 13.01.2021
Оқылды: 943
Бөлім: КҮНДЕРЕК

12 қаңтар күні Алматы уақытымен кешкі 19 сағат 21 минутта жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Жер сілкінісінің эпицентрі - Алматы қаласынан 292 шақырым жерде, Алматы облысының Панфилов ауданында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.7. MPV магнитудасы - 4.2. Эпицентрдің координаттары 44.45° с.ш. 80.10° в.д. Тереңдігі - 5 шақырым.

Жаркент қаласының тұрғындарына жер дүмпуі 2-3 балл болып сезілді. Құрбан болғандар мен қираған нысандар туралы ешқандай ақпарат түскен жоқ.

Жер сілкінісі кезінде мынадай ережелерді қаперде ұстаңыз:
- ғимараттан шығыңыз (сіздің иелігіңізде 15-20 секунд);
- жоғарғы қабаттарда қалған жағдайда баланы құшақтап алып, есік ойығының орнына немесе іргелі қабырғалардан құралған бұрышта тұрыңыз;
- ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.
- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алыс тұрыңыз;
- үйге кірмеңіз: дүмпулер қайталануы мүмкін;
- жеделсатыны пайдаланбаңыз;
- сіріңке, шам жақпаңыз;
- электр сымдарына қол тигізбеңіз;
- зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"