Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БҰРҚАСЫН ҚАРДЫҢ САЛДАРЫНАН ЕКІ ЖОЛ ЖАБЫЛДЫ

Уақыты: 13.01.2021
Оқылды: 538

Алматы облысында екі автожол ауа райының нашарлауына (боран, жолдың нашар көрінуі) байланысты жабылды. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

2021 жылғы 13 қаңтар, сағат 11.00-ден бастап Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлауы бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) «Алматы-Өскемен – Қапал-Арасан шипажайы» облыстық маңызы бар автожолдың 0-45-ші шақырымы барлық көліктер үшін жабылды. Сонымен бірге, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалы мен "Қазақавтожол" ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 2021 жылдың 13 қаңтары сағат кешкі 17.10-нан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты боран, көрінудің шектеулі) "Үшарал - Достық" республикалық маңызы бар автожолында (84-184 шақырымдары) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС-хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"