ТАЛДЫҚОРҒАН КӨШЕЛЕРІНЕ ТҰЗ, ҚҰМ СЕБУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Уақыты: 14.01.2021
Оқылды: 1068
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының орталығы - Талдықорған қаласында жолды қардан тазарту және тұз, құм себу жұмыстары қызу жүргізілуде. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Талдықорғанда жауған қарды тазарту бойынша «Талдықорған Көркейту» ЖШС, «Талдыкорган-Благоустройство» ЖШС және «Шығыс-4» ЖШС міндеттеліп, жалпы 102 көлік бөлі- ніп, оның 74-і қызметке кіріскен. Ал жалпы 666 тонна тұз бен 1080 тонна құмды жолға себу бойынша аталған үш ЖШС жұмыс істеп жатыр.

– Түнгі 12.00-ден бастап жұмыс істеп жатырмыз. Екі айналымнан тазартып, сеуіп шықтық, – деді «Көркем Талдықорған» ЖШС қызметкері Мәлік Ахметов.

Қаланы үшке бөліп тазарту бойынша: «Талдықорған Көркейту» ЖШС  шаһардың шығыс жағын (қаланың оңтүстік, шығыс жағын, орталығын, коттеджді қалашықты, солтүстік-шығыс аймағын), ал «Талдыкорган-Благоустройство» ЖШС облыс орталығының солтүстік жағын (қаланың батыс бөлігін, солтүстік-батыс аймағын) және де «Шығыс-4» ЖШС қаладағы облыс бойынша маңызды жолдарды тазартып шығады.

Талдықорған қаласы жолаушылар көлігі және автомобильді жолдар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрбақыт Алтынбеков ауа райына байланысты әрекет істейтіндіктерін және жолды тазарту жұмыстарын жүргізетін көліктердің сақадай дайын тұрғандығын жеткізді.

Қали АСҚАР

Алматы облысы