"АЛТЫН ОРДА" БАЗАРЫНДА АЛТЫН-КҮМІС ҰРЛАЙТЫН КҮДІКТІ ҚОЛҒА ТҮСТІ

Уақыты: 14.01.2021
Оқылды: 943
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы іргесіндегі «Алтын орда» әмбебап базарының күзетшілері Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекшілігіне хабар беріп, базар аумағында орналасқан ломбардттың дабыл белгісі іске қосылғанын айтты. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Ломбардттың сыртынан қараған олар кіретін есіктің бұзылғанын және біреудің ішке кіргенін анықтады. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция инспекторлары ломбард иесімен бірге үй-жайды тексеру кезінде қораптардың артына тығылған ер адамды ұстаған.

Күдікті бұған дейін бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған Шығыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша, яғни, «Қызметтік үй-жайға кіріп, ұрлық жасауға оқталу» бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде сәйкес жария етілмейді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"