КҮННІҢ КҮРТ ЖЫЛЫНУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗЕН-КӨЛДЕР ТАСУЫ МҮМКІН

Уақыты: 16.01.2021
Оқылды: 909
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тағы бір ескерту жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

"Қазгидромет" РМК-ның 2021 жылғы 15 қаңтардағы ескертуі негізінде 16-18 қаңтар аралығында Алматы облысының өзендерінде, ауа температурасының жылынуына байланысты беткейлік ағындардың қалыптасуы және су деңгейлерінің көтерілуі күтілуде. Аталған департамент азаматтардан сақтық ережелерін ұстанып, үнемі ақпарат құралдарында шыққан ескертулер мен смс-хабарламаларға назар аударуды сұрайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"