КӨКТАЙҒАҚ, ЖЕЛ: ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЕСКЕРТУ

Уақыты: 21.01.2021
Оқылды: 701
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты ескерту жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдейді.

"Қазгидромет" РМК ескертпесі негізінде, 22 қаңтар күні Талдықорған қаласында көктайғақ, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100 пайыз.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан