ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНДА БІР ТӘУЛІКТЕ 28 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

Уақыты: 21.01.2021
Оқылды: 738
Бөлім: КҮНДЕРЕК

2021 жылғы 21 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы облысы әлі де "сары" аймақта орналасқан. КВИ-дің 8458 жағдайы тіркелді. Оның ішінде, Талдықорған қаласында бір тәулікте 28 адамнан ковид анықталды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соңғы тәулікте 82 дерек анықталды. Оның ішінде Талдықорған қаласында – 28, Талғар ауданында – 22, Іле ауданында – 8, Еңбекшіқазақ ауданында – 6, Текелі қаласында – 4, Жамбыл, Панфилов аудандарында - 3 жағдайдан, Ұйғыр, Қарасай, Ескелді аудандарында - 2 жағдайдан, Балқаш ауданы мен Қапшағай қаласында 1 жағдайдан тіркелді.

Ауруханаларда 550 адам емделуде, ондағы 33 адамның жағдайы әлі де ауыр, 369 адам амбулаториялық ем алуда.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан