САРЫӨЗЕКТЕГІ ӘСКЕРИЛЕР СЫРТЫ ОТҚА ТӨЗІМДІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ КӨШТІ

Уақыты: 25.01.2021
Оқылды: 796
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Сарыөзек гарнизонының әскери қалашығында мереке. Әскери қызметшілердің отбасы күрделі жөндеуден өткен пәтерлеріне қоныстанды. Бұл туралы "Жетісу" газеті ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап мәлімдеді.

Әскери қалашықтағы тұрғын үй ғимараттары өткен ғасырдың 70-80 жылдары салынған. Күрделі жөндеудің нәтижесінде көптеген үйлерге сән кіріп, жаңа кейіпке және тұруға ыңғайлы қалыпқа енді. Барлық пәтерде су, жылу құрылғылары ауыстырылып, сондай-ақ, толық ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Пластикалық терезелер орнатылып, ішкі және сыртқы есіктер жаңартылды. Үйдің сырты отқа төзімді жылу оқшаулағыш материалдармен қапталған, балкондар металл жақтаулармен күшейтілген.

Сарыөзек гарнизонының бастығы, подполковник Ержан Ембергенов пен бөлім басшысы, майор Бейбіт Жұмабаев пәтер иелерін қоныстоймен құттықтап, кілттерді табыс етті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"