ТАЛДЫҚОРҒАНДА КЕДЕРГІЛЕР ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Уақыты: 27.02.2021
Оқылды: 1455
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті онлайн режимінде кедергілер жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Кеңес отырысында "Атамекен" ҚР ҰКП Алматы облысы бойынша директорының орынбасары Қанат Қабдиев сөз сөйлеп, қатысушыларды қоғамдық кеңістік аумағында (саябақтар, скверлер, бульварлар, аллеялар және басқалар) кәсіпкерлер қызметін шектейтін қоғамдық кеңістіктерді уақытша салуды қоспағанда, құрылыс, құрылыс ғимараттарына орналастыруға тыйым салуға қатысы бар кедергілермен таныстырып өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері Талдықорған қаласы әкімдігіне, қарастыруға және шаралар қолдануға хат жолдау туралы шешім қабылдады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан