ПОЙЫЗ ЖОЛДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ: БӘСЕКЕЛЕСТІК САҚТАЛЫП ОТЫР МА?

Уақыты: 06.03.2021
Оқылды: 776
Бөлім: ЭКОНОМИКА

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті кірме жолдар қызметі нарығындағы бәсекелестікті шектеудің өткір мәселелерін реттеу бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Бұл туралы "Жетісу" газеті аталған департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Аталған тақырыпты "Open Space" алаңында департамент басшысы Е.Камелев, сондай-ақ, кірме жолдар қызметтерін алатын нарық субъектілері талқылады. Департамент өз кезегінде қатысушыларға "Темір жол көлігі туралы" ҚР Заңын тармақ иеленушілер сақтамаған жағдайда кірме жолдар жұмысындағы іркілістерге және вагондардың жүк операцияларында тұру уақытының ұлғаюына, паркті пайдаланғаны үшін төлемақының артуына алып келуі мүмкін екенін хабарлады. Ал мұның барлығы, тиісінше, ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын өрескел бұзуға әкеп соғуы мүмкін.

Қатысушылар тармақ иеленушілер ұсынатын кірме жолдар қызметтерінің жоғары тарифіне қатысты мәселелерді қозғады.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің "Open Space" ашық коммуникациялық алаңы Мемлекет басшысының "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында құрылды. Апта сайын жұма күндері департамент қызметкерлері онлайн және оффлайн режимінде мемлекеттік, квазимемлекеттік сатып алуға қолжетімділікті шектеуге, субсидиялау мен бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетудің тең емес шарттарына, монополистер желілеріне қосудан және энергия ресурстарын сатудан негізсіз бас тартуға, қызмет операторлары тарапынан тұтынушылардың құқықтарын бұзуға және бәсекелестіктің басқа да шектеулеріне байланысты тауар нарықтарына қатысушылардың ұсыныстарын, мәселелерін, проблемалары мен шағымдарын қарайды.

Департамент бизнес-қоғамдастықтың барлық өкілдерін, сарапшылар мен тұтынушыларды Open Space-ке белсенді қатысуға шақырады.

Instagram-дағы @Dazrk_po_alm_obl, Facebook-тегі @Dazrk_alm_obl парақшаларында талқыланатын тақырыптар мен жоспарланған іс-шаралар жарияланатын болады. Ұсыныстар электрондық поштаның мына мекенжайы бойынша да қабылданады: dazrk_al@azrk.gov.kz және тел: 8(7282)-24-63-61.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан