Құрылыс жұмыстарымен танысты

Уақыты: 25.08.2017
Оқылды: 1569
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Балқаш ауданында мем­лекеттік бағдар­ламамен  халық игілі­гіне қызмет көр­се­тетін көптеген нысандар бой көтеріп жатыр. Атап айтсақ, аудан орта­лығында 20 жалгерлік тұрғын үй, сонымен қатар Бақанас мектеп-интернаты оқушы­ларына арнайы 30 орын­дық монша және Бақанас ауы­лы­ның сумен жаб­дықтау жүйесін жаңалау мен салу жұмыс­тары жүргізілуде. 

Құрылыс жұмыстарының нәтижелі әрі сапалы болуын қадағалау мақсатында «Нұр Отан» пар­тиясы Балқаш аудандық филиалы ғима­ратында партиялық бақылау комиссиясының және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті.

Басқосуға аудандық мәс­­­ли­хат хатшысы, пар­тия­лық бақылау комис­сиясы­ның төрағасы Кә­дірбек Ома­ров, «Нұр Отан» пар­тиясы Балқаш аудан­дық филиалы төрағасының бі­рін­ші орынбасары Да­нияр Садықбаев пен бақы­лау комис­сиясы және сы­бай­лас жемқорлыққа қар­сы күрес қоғамдық кеңе­сінің мүше­лері қатысты.

Жиында аудандық құ­ры­­лыс бөлімінің басшысы Да­нияр Абдрахманов пен аудан­дық тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылығы бө­лі­мі­нің бас маманы Аман­жол Үркінбаевтың мем­ле­кеттік бағ­дар­ла­ма­мен істе­ліп жат­қан жұмыс­тарының есебі тыңдалды. Сондай-ақ, оты­рыс бары­сында жи­нал­ған­дар атқа­рылған құ­ры­лыс жұ­мыстары жөнінде өзіндік ой-пікір­лерімен бө­лісті. 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша комиссия мүшелері аудандағы құры­лыс нысандарын аралап, жұ­мыс нәтижесімен та­ныс­ты.

Ахметов көшесінде 400 метрден астам шұңқыр қа­зы­лып, 4 құдық жасалып жа­тыр. Құрылыстың 70 па­йы­зы аяқталған. Бес ша­қырым жаяу жүр­гін­ші­лер жолы мен абат­тан­дыру жұ­мыстары жүр­гізі­ліп, жыл соңына дейін ха­лық­қа пай­далануға бері­леді деп жос­парланған.

Биыл құ­ры­лысы бас­тал­ған тұрғын үйлердің  қа­зіргі таңда іргетасы то­лықтай құйы­лып, ішкі және сырт­қы қа­быр­ғасының кір­піш­те­рі қа­ланған. Сондай-ақ, мо­но­лит­ті сейс­ми­ка­лық бел­демше­лері және колон­налары құ­йы­лып, ар­қалық­тары қойыл­ған. Тұр­ғын үй­лер­дің көбінде ішкі электр желілері  жүргі­зіліп, жылу жүйесінің бата­рея­­лары мен кәріз жүйесінің құбыр­ларын орнату жұ­мыс­тары  аяқталуға жа­қын. Жұ­мыс алаңында елу құры­лыс­шы мен бір ар­найы техника істеп жатыр.

Одан кейін жиналған­дар Бақанас мектеп-ин­тер­наты оқушыларына ар­налып салы­нып жатқан 30 орынды мон­ша құры­лысы­мен танысты. 3-4 жыл кө­ле­мінде шешімін таппай жүрген осы  мәселе аудан­дық мәслихат депу­тат­­тарының ұсынысымен және аудан әкімі Ғалым Тоқ­пейі­совтың қол­дауы­мен оң ше­шімін тауып, жыл аяғына дей­ін  қол­данысқа беріл­мек.

Алтынай СЕЙТКЕН.

Балқаш ауданы.