АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА АВТОБУСТАР ТЕК КҮНДІЗГІ УАҚЫТТА ҒАНА ЖҮРЕДІ

Уақыты: 13.01.2022
Оқылды: 1104
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Жетісу өлкесінде облысаралық және облыс ішілік ауданаралық бағыттар бойынша автобустар жүре бастады. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, аталмыш бағыт кестелері сағат 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейінгі уақыт аралығына белгіленген. Ал түнгі рейстер еліміздегі Төтенше жағдай режиміне аяқталғанға дейін әзірге жүрмейді. Сонымен қатар, Алматы қаласы маңындағы маршруттар да қалыпты жұмысқа кірісті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"