САРЫӨЗЕК ПЕН КӨКТАЛ АРАСЫНДА УАҚЫТША КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ШЕКТЕЛДІ

Уақыты: 06.03.2022
Оқылды: 1831
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» автожолында күрделі жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 4-6 наурыз аралығында қозғалыс шектелді.

Қажеттілікке байланысты Алтынемел асуы аумағында бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты автомобиль жолының осы учаскесіндегі жол барлық автокөлік түрлері үшін уақытша жабық болды.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзеуді, сондай-ақ, 112 қызметі беретін СМС-хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"