ҚАНТ БАҒАСЫН ШАРЫҚТАТЫП ЖІБЕРГЕНДЕР ЗАҢМЕН ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

Уақыты: 16.03.2022
Оқылды: 1465
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысында қант сату нарығындағы жағдай қалай? Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қандай жұмыс атқарып отыр? Бұл сауалға аталған агенттіктің облыстағы департаменті жауап берді.

"Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті қант сату нарығындағы қалыптасқан жағдайға байланысты қант өндіру және сату бойынша тауар нарығына талдау жүргізуде. Қазіргі уақытта жүргізілген талдау аясында барлық қант өндірушілер мен көтерме жеткізушілерге сұраныс хат жолданды.

Бұл ретте нарық субъектілерінің іс-әрекеттерінде қантты өндіру және өткізу кезінде көрсетілген заңбұзушылық белгілері үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану, бәсекелестікке қарсы келісімдер анықталған жағдайда департамент Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес шаралар қабылдайтын болады. Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша қант қоры толық көлемде бар және қажет болған жағдайда облыстың барлық аудандарына тауар интервенциясы жүргізіледі", - делінген департамент хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"