МӘЖБҮРЛЕП ТАРАТЫЛАТЫН СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛА ТІЗІМІ ШЫҚТЫ

Уақыты: 31.03.2022
Оқылды: 1373
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысында 2022 жылы мәжбүрлеп таратуға жататын салық төлеушілердің алдын ала тізімі жарияланды.

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ҚР Салық кодексінің 93-бабына сәйкес, мәжбүрлеп таратылатын субъектілердің алдын-ала тізімін шығарды. Сонымен қатар, мәжбүрлеп таратуға жататын субъектілердің бастапқы тізімі Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті сайтының (үстінен басыңыз) «Мәжбүрлі түрде таратуға жататын салық төлеушілер бойынша тізім» бөлімінде қосымша жарияланғанын хабарлайды.

Кредиторлардың және өзге де тұлғалардың өтініштері (талаптары) жарияланған күннен бастап екі ай ішінде, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 113, № 324, № 326 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.

Өтініштер (талаптарды) қабылдау бойынша жауапты тұлға: Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті оңалту және банкроттық бөлім басшысы Б.М.Нұрғыдыр. Байланыс телефондары: 8/7282/60-12-01, 8/7282/60-12-76, 8/7282/60-11-14.

Алдын ала тізімді мына сілтемеден де көре аласыздар.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"