АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН МАМАН ТАПШЫ

Уақыты: 19.04.2022
Оқылды: 1848
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысында туризм саласында маман тапшы.

Биыл Жетісу өңіріне 2 миллионға жуық турист саяхаттайды деп күтілуде. Демалыс орындары мен қонақүйлерге және басқа да нысандарға 2 мыңдай маман қажет.

Қазір Алматы облысы аумағында төрт кәсіптік колледж қонақүй әкімшісі, супервайзер сынды кадрларды оқытып жатыр. Алайда жоғары білімді маман даярлайтын оқу орындары жоқ. Сондықтан, жастар өзге өңірлерге барып, білім алуға мәжбүр. Жалпы, биыл туризм саласына 40 млрд.теңге жеке инвестиция тартылады деп жоспарланған. Ал Балқаш көлі жағалауын дамытуға, инфрақұрылымын реттеуге мемлекеттен 5 млрд.теңге бөлінбек. Мұнан бөлек, тау туризмі кластері, ұлттық табиғи парктер мен Алакөл, Қапшағай көлдерінде ауқымды жобалар қолға алынып отыр.

- Қонақүй және тамақтану саласындағы қызметкерлерге тапшы болып отырмыз. Сонымен қатар, экскурсия жүргізушілері, туризм нұсқаушылары, гидтер, аудармашылар, осындай мамандықтарға бізде Алматы облысының нарығында өте үлкен сұраныс бар, - деді Алматы облыстық туризм басқармасының басшысы Жанар Алшымбаева.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"