ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ ТАҒАЙЫНДАУ: БАСҚАРМАҒА ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ

Уақыты: 04.08.2022
Оқылды: 1573
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Әмірханов Жомарт Амангелдіұлы Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Жомарт Амангелдіұлы 1981 жылы туған, білімі жоғары. С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Астана қаласында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаментінде бөлім маманы болып бастаған.

Әр жылдарда Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаментінде жетекші маман, бас маман, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Салалық органдардың шығындарын жоспарлау департаментінде бөлімнің бас маманы, Өнеркәсіп, құрылыс, ақпараттандыру, көлік және коммуникация басқармасында бөлім бастығы, Отын-энергетика, өнеркәсіп, құрылыс кешендері және тұрғын үй-коммуналдық салаларды дамыту басқармасында бас сарапшы, басқарма бастығы, Экономика салаларын дамыту департаментінің құрылысты, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын және экологияны дамыту басқармасының бастығы, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің аумақтық даму басқармасының бастығы, Тараз қаласында Жамбыл облысының экономика және және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.

2017 жылдың қыркүйегінен осы уақытқа дейін Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"