Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

КӨКСУДАН ТЕКЕЛІГЕ! АЛМАС ӘДІЛ ТАҒЫ БІР ЛАУАЗЫМДЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ТІЗГІНІН ҰСТАДЫ

Уақыты: 05.09.2022
Оқылды: 1684
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Алмас Қабдолұлы Әділ Текелі қаласының әкімі болып тағайындалды.

Алмас Әділ 1980 жылы туған. Жоғары білімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «халықаралық құқық», «Жетісу» институтын «қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Қайнар» АҚ-да кеңесші заңгер болып бастады. Әр жылдарда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің және «Казкоммерцбанктің» Талдықорғандағы филиалдарында заңгер, «Таникеев М.А.» ЖК директоры, Талдықорған қаласы әкімі аппаратының бас маманы, бөлім басшысы, аппарат басшысы, қала әкімінің орынбасары, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2016 жылдың шілдесінен Көксу ауданының әкімі болды.

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Батыр Молдахметов өз өтініші бойынша Текелі қаласының әкімі лауазымынан босатылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"