ТҮРКІСТАНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛАДЫ

Уақыты: 01.12.2022
Оқылды: 3766
Бөлім: ЭКОНОМИКА

12 желтоқсанда туризм және қонақжайлылық саласының сарапшылары, жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері мен кәсіпкерлер Түркістан облысындағы бизнеске арналған мүмкіндіктер туралы айтады.

Туризм – өңір үшін басымдыққа ие бағыттың бірі. Мемлекет несиелеу құралдары арқылы инфрақұрылымды дамыту, сонымен қатар, өңірді ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілету бойынша салаға қолдау көрсетіп жатыр. Бұл ретте салада бос нишалар да бар, олардың бірнешеуі шара барысында таныстырылады.

Ұйымдастырушылар презентацияларды дайындау кезінде туристік бағыттарды анықтау, жер учаскелері мен инфрақұрылымның болуы, сондай-ақ ұсынылатын бағыттардың маркетингтік стратегиясын әзірлеу бойынша бірқатар талдау жұмыстарын жүргізді.

Презентацияда Түркістан айналасындағы тартымды 5 өсу нүктесі; шағын және орта бизнеске тиімді инвестициялық жобалар; қызмет көрсету және бөлшек сауда саласында қала үшін тиімді франшизалар таныстырылады.

Іс-шараның басты мақсаты – Түркістан облысына инвестиция тарту үшін бизнес-қоғамдастық өкілдерін жұмылдыру, оның ішінде кәсіпкерлерді «Turkistan» арнайы экономикалық аймағының әлеуеті және несие беретін ұйымдардың мүмкіндіктері туралы хабардар ету.

Қатысушылар - бизнес, жергілікті атқарушы органдар, қаржы институттарының өкілдері, сарапшы-консультанттар, бизнес-қауымдастықтар, БАҚ өкілдері. Қатысушылар нетворкингке қатысып, тәжірибе алмасады.

Іскерлік байланыс орнатуға, Түркістан облысының туризм және қонақжайлылық саласына инвестиция салуға мүдделі отандық және шетелдік компаниялар шараға қатысуға шақырамыз. Іс-шараға ресми сайтта тіркелгеннен кейін қатысуға болады.

Өтетін орны: Түркістан қаласы, «Ұлы дала елі» орталығы. Бағдарлама сайтта жарияланады.

Ұйымдастырушылар: Түркістан облысының туризм басқармасы, «Open Turkistan» ЖШС.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ