ҮШТӨБЕДЕ ТЕМІРЖОЛ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖИЫН ӨТІП, ЖҰМЫС ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Уақыты: 01.12.2022
Оқылды: 2922
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Үштөбеде 2021-2023 жылдарға арналған мүлікті қорғау бағдарламасы бойынша теміржол мекемесі басшыларымен кездесу өткізілді.

Жүктер мен тауар-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдың 30 қарашасында Үштөбе станциясында теміржол қызметкерлерімен, жүк құрамындағы жүктердің сақталуын қамтамасыз ету тақырыбында жиналыс ұйымдастырылды.

Үштөбе ст.ЖПб бастығының орынбасары Н.Жусынов және теміржол мекемелері, оның ішінде, «ҚТЖ-ЖТ», «Алматы жол бөлімшесі» ЖШС, Үштөбе ст. «ӘТЖК» ЖШС күзет өкілдері қатысты.

Басқосуда поезд жүктерінің сақталуын, жүк тиеудің сапасын, жүк тиеу алаңдары мен темір жол парктерін сапалы бақылау бейнекамераларымен жабдықтау және жүк тиеу орындарын күзетпен қамтамасыз ету туралы мәселе талқыға салынды. Сонымен қатар, теміржол қызметкелерінің жұмыс уақытында құқықбұзушылыққа жол бермеуі және осы теміржол аумағы қауіпті болғандықтан, кезекшілікке түскенде тиянақты және сапалы нұсқауларын өткізіп, қызметтік міндеттерін түсіндіру жұмыстары әңгіме өзегіне айналды. Жүк поездары тұратын теміржол парктерінде комиссиялық түрде тексерулер жүргізіп, алаңның техникалық жағдайын, камерамен жабдықталуын, жарық құрылғыларының сапасын және ұрлық жиі орын алатын жерлерді анықтап, бейнекамерамен жабдықтау қажеттілігі айтылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"