1 тонна қант қызылшасының бағасы 40 мың теңгеге көтерілді

Уақыты: 18.05.2023
Оқылды: 845
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Былтыр Жетісу облысының шаруалары арасында қант саласы өзінің танымалдылығын жоғалта бастағаны айқын байқалды.

Осы мәселені шешу үшін жергілікті билік бірден шешім қабылдап, бірнеше шара қабылдады. Нәтижесі көңіл көншітерлік. Шаруалардың басты талабы орындалып, 1 тонна қант қызылшасының бағасы көтерілді. Сөйтіп, ол қазір 40 мың теңгені құрайды.

1 тонна қант қызылшасы үшін қосымша төленетін тасымалдау шығындарын есептемегенде 40 мың теңгеден төлеу жоспарлануда. Көксу ауданында қант қызылшасына 1700 гектар жер дайындалды, оның ішінде 1380 гектар немесе жоспарланғанның 81 пайызы бүгінгі күнге дейін егілді, – дейді Көксу ауданының әкімі Марлен Көлбаев.

Қазіргі таңда Көксу қант зауыты ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 4,4 миллиард теңгеге 12,3 мың тонна қамыс қантын өндірді.

Айгүл Байжұмақызы
Көксу ауданы
Фото: egemen.kz