TELE 2 / ALTEL САТЫЛАДЫ

Уақыты: 18.06.2024
Оқылды: 462
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев сатып алушы "осы ұялы байланыс операторының жоспарлары мен міндеттемелеріне сәйкес" базалық инфрақұрылымға инвестиция салатынын айтты.

 


Tele2 5G базалық станцияларын салуға міндеттеме алады.

Катарлықтар келісім бойынша 5G инфрақұрылымына нақты қанша инвестиция салуы керек деген сұраққа министр жөнді жауап бере алмады. Мәдиев тек барлық ұялы байланыс операторларының инвестициясының жалпы сомасын атады. Айтуынша, алдағы бес жылда кемінде 1 миллиард доллар.

Қазақстанда Tele2 және Altel брендтерімен жұмыс істейтін "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-нің сатып алушысы "Qatar Power International Holding".

"Самұрық-Қазына" қоры мен оның еншілес ұйымы "Қазақтелеком" аталған холдингпен 2024 жылдың ақпан айында ортақ келісімге келді. Катарда Тоқаев пен Катар әмірі телекоммуникация саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Айта кетейік, бұған дейін Осы жылдың мамыр айында "Қазақтелеком" акционерлерінің жиналысында Tele2 мен Altel-ді сату туралы шешім қабылданған еді. "Қазақтелеком" 100 пайыздық үлесті сатуға келіскен болатын.