Инвестиция тарту маңызды

Уақыты: 21.06.2018
Оқылды: 1009
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Бүгінде экономиканың негізгі арқауына айналып отырған шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту елде басты мәселенің бірі. Кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекетте барлық жағдай жасалған. Ендігі кезекте бұл саланы одан әрі өркендетіп, түсетін салық көзін көбейту арқылы ел экономикасын көтеру, сол арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту маңызды.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында облыстың өңірлік даму орталығы және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен ауданға инвестиция тарту мәселесі бойынша форум өтті.
Оған аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Дәрібаев, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Данияр Садықбаев, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы  Береке Несіпбаев, ауылдық округ әкімдері мен бірқатар кәсіпкерлер қатысты. 
Сонымен қатар, инвестициялық жобаларға қолдау көрсету бөлімінің басшысы Ерал Шлембаев, аталмыш бөлімнің бас менеджері Алмаз Өмірсерікұлы, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорының кеңесшісі Жақсылық Тынышбаев, «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның Қолдау құралдары орталығының маманы Нұрсұлтан Ақбердиев, «Феникс Фид Миллс» маркетолог директоры Ақын Ерболатұлы форумға қатысушыларға «Бизнестің жол картасы – 2020», «Агробизнес – 2020» және «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламалары бойынша баяндама жасады. 
Форумды жүргізген Бауыржан Темірғалиұлы өңірде инвестиция тарту жұмыстары қолға алына бастағаны жайында қысқаша айтып өтті. Аймақтың табиғаты бай, географиялық орналасуы қолайлы екендігі белгілі. Осындай мүмкіндіктерді пайдалана отырып, туризмді дамытуға болады деген өз ойын ортаға салған әкімнің орынбасары өңірге арнайы келіп, форум өткізген қонақтарға аудан халқы атынан алғыс білдірді.

Бақтығали Дәуітбаев
Балқаш ауданы