ӨҢІР ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ

Уақыты: 11.02.2019
Оқылды: 1075
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Кербұлақ ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев халық алдында есеп берді. Онда өңірдің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі қорытындыланып, биылға межеленген міндеттер пысықталды. 

 

Махаббат Садуақасұлы Күрең­бел өңірі өткен жы­лды табысты аяқтағанын айтты. Қай салада болсын іл­гері­леушілік бар. Мәселен, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 млрд. теңгеден асқан. «2015 – 2019 жылдарға арналған аймақтарды индус­трияландыру картасы» бағ­дарламасына бір жоба енгізіліпті. Ол «Алацем» ЖШС-нің цемент өндіру зауы­ты. Бұл өндіріс ошағында 400 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр. 
Кербұлақ ауданы аграр­лы өңір болғандықтан ауыл­шаруашылығы өнімдерінің көлемі 33 млрд. 38 млн. теңгені құраған. Оның ішінде өсімдік және мал өнімдері бар. Алдыңғы жылмен салыс­тыр­ғанда егістік алқабы ұлғайған. Мал шаруашылығы да жақсы дамып келеді. Қырғыз елі­не 80 тонна ет экспортқа шыға­ры­лып, жоспар жүз пайыз орындалған. 

Ауданда 8 ауыл­шаруа­шы­лы­қ кооперативі құрылып, тұрғындарға қызмет көр­сету­де. Суармалы алқапты қал­пына келтіру жұмыстары да өз дең­гейінде жүргізілуде. «Матай», «Талдыбұлақ», «Жаман­бұлақ» су тоспалары, «Ен­көл-Аралтөбе» су қой­ма­сын қалпына келтіру мақ­сатында жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге қомақ­ты қаражат бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Шағын және орта бизнестің дамуы да қарқынды. Аталған салада үш мыңнан аса субъект тір­кел­ген. Тоқсаннан аса шағ­ын кәсіп- орын бар. Қазір кәсіпкерлікте 12 972 адам жұ­мыс істейді. Осы саладан түс­кен бюджеттік төлем 365 млн. 334 мың теңге. Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден түскен түсім көлемі 1 млрд. теңгеден асады. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда бірнеше есеге жоғары. 

«Нұрлы жер» бағдар­ла­масы аясында Сары­өз­ек ауылындағы жеке тұр­ғын үй құрылысына бө­лін­­ген 124 гектар жер те­­­лі­мі­нің инженерлік-ко­м­муникациялық ин­фрақұрылымын салуға қо­мақ­ты қаржы бөлініп, ауызсу жүйесінің құрылысы жүр­гізіл­ген. Бұл бағыттағы жұмысты аяқ­тауға  қосымша қаражат көзі қарастырылыпты. Ел­ді мекендерді орталық­тан­дырылған ауызсумен қамту деңгейі 94 пайыз. Биыл ауызсу жүйелерін қайта жаңғыртып, құрылстарының жобалық-см­е­талық құжаттарын әзір­леуге 5 елді мекенге 69 млн. теңге бөлінген. Төрт ауыл кө­ше­сінің түнгі жарықтандыру жұмыс­тарының жобалық-сме­талық құжаттарын әзірлеуге, «Күреңбел су» кәсіпорнына ауданға қажет арнайы техникалық машиналар сатып алуға, Сарыөзекке кіре- берістегі стелланың құрылысы мен Сәмен батыр ескерткіші маң­ын абаттандыру жұмы­с  ының жобалық-сметалық құжат­тарын әзірлеуге қомақты қа­ражат қарастырылып,  жұ­мыста­р жүргізілуде. 

Тұрғындарды табиғи газ­­бен қамтамасыз ету мақ­са­тында Қазынсу ауылы маңы­нан жүргізілетін автоматты газ таратқыш стансысының құрылысы қарастырылған. Сары­өзек ауылының 14 кө­шесі орташа жөндеуден өтпек. Халықты жұмыспен қамту бойынша өңірде 1мың­нан аса жаңа жұмыс орындары ашылып, орташа айлық еңбекақы 96 мың 297 теңгені құраған. 

«Нәтижелі жұмыспен қам­ту және жаппай кәсіп­кер­лікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде ауылдық жерлерде кәсіп­кер­л­ікті дамыту үшін 56 адам шағын несиеге қол жет­кізіп, өз кәсіптерін ашып, кеңейткен. Балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуы 97,8 пайыз. «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бағдарламасын іске асы­ру бойынша жүріп жат­қан жұмыстар да аз емес. Көксу, Арқарлы орта мек­тептерін ағымдағы жөндеуден өткізуге 41 млн. 57 мың теңге, Пан­фи­лов атындағы орта мек­тепті күрделі жөндеу мен техникалық базасын жарақтандыруға 22 млн. теңге бөлінген.    
Орталық аурухананың жұқ­палы аурулар бөлімшесі мен асхананы күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге 20 млн. теңге, Шанханай, Көк­су, Талдыбұлақ  ауылдарының дәрігерлік амбулатория құры­лысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге 20 млн. теңге бөлін­ген. Мәдениет саласында да жетістіктер бар.

Жиынға қатысқан об­лыс әкімінің орынбасары Серік­жан Бескемпіров облыста атқарылып жатқан жұмыстар жайында қысқаша баяндады. Соңында бірнеше тұрғын сөз сөйлеп, аудан әкімінің жұмысына оң бағасын берді. Жиналғандар тарапынан қойылған сұрақтарға да жауаптар қайтарылды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА.