БАЛЫҚ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Уақыты: 11.02.2019
Оқылды: 2128
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Облыс әкімінің орынбасары Жеңіс ТҰЯҚОВ Бескөл ауылындағы балық зауытының ашылу салтанатына қатысты.

 

Аудан әкімі Әлібек Жақанбаев көл байлығын ұқыпты әрі тиімді пайдалана отырып, тұрғындар ахуалының оңалуы мен экономиканың көтерілуіне септігін тигізер жаңа нысанның жұмысына сәттілік тіледі.
Келесі кезекте «Golden fish» ЖШС директорының міндетін атқарушы Данияр Құсайынов «Болашақ – Бастау» ЖШС арқылы 350 млн. теңге инвестиция тартылып, күніне 800 келі балық өнімін өңдеуге қуатты зауытта 40-қа жуық жаңа жұмыс орны ашылғанын жеткізді. Алдағы уақытта өнім көлемін 2 тоннаға өсіріп, тағы  40 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланып отырғанын  айтты. 

Жеңіс Шылбынұлы мен Әлібек Әскербекұлы бастаған Алакөл азаматтары жаңа нысанның лентасын қиып, зауыт жұмысымен танысты.

Қазіргі таңда мұндағы жұмыс қарқыны жақсы. Әзірге басты өнім ретінде көксерке филесі және үш түрлі өнім шығарылуда. Алдағы уақытта алабұға мен мөңке балығын, сазан филесі мен уылдырық өндіру жоспарда тұр. Балық Алакөл, Зайсан, Балқаш көлдерінен жеткізілуде. 

Алмат ЕСЕНБЕКОВ,
Алакөл ауданы