"БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ"

Уақыты: 18.02.2019
Оқылды: 1714
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Қазіргі таңда «жасыл» технологияның бәсекеге қабілеттілігі жылдам артып, баламалы энергетиканың көптеген технологиясы дәстүрлі көздермен салыстырғанда электр энергиясы өндірісінің неғұрлым шығынсыз тәсілдерін ұсынуда.
Қапшағай өңірінде энергия көздерінің барлық түрлері бойынша нысандар салынып, қызмет жасауда. Алматы облысының электр желілері мен электр қуатына қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жел ресурстарын пайдалану арқылы жел электр станциялар құрылысының бірнеше жобасы іске асырылуда.
2018 жылдың шілде айында  «ВЭС Сарыбұлақ» ЖШС-і мен «ВЭС Сарыбұлақ-2» ЖШС-нің жел электр станциясы іске қосылды, мұнда жалпы өнімділігі 9,0 МВт болатын 11 жел генераторы жұмыс жасайды. Нәтижесінде 5 жаңа жұмыс орны құрылды. Жобаны іске асыруға 3,0 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды. 2018 жылы кәсіпорын 12,8 млн. кВт/сағ. электр энергиясын өндірді.  
2019 жылы «ВЭС Кербұлақ» ЖШС-і және «ВЭС Кербұлақ-2» ЖШС-нің жалпы қуаты 9,0 МВт жел электр станциясын қосу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждық жұмыстар аяқталып, 12 жел генераторы орнатылды. Тексеру, пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"