ТРАКТОРИСТ: "ТЕХНИКАҒА СЕНІМ ЖОҚ"

Уақыты: 14.03.2019
Оқылды: 1082
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Көктем мезгілі келгелі шаруалар дала жұмыстарына кірісіп кетті. Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Дәрібаев, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Бүркіт Мұқанов «Бірлік» агрофирмасы» ЖШС-не барып қайтты.

Алдымен олар аталмыш шаруашылық техникалары тұрған орынға келді. Бұл жерде тәжіри­белі механизатор Төленді Жәй­шібеков тракторының моторын жөндеп, науқанға дайындауда. Оның айтуынша, техника кез-келген уақытта бұзылуы мүм­кін. Сол себепті көктемгі қар­ба­лас сәт алдында техникасын жөн­­деуден өткізіп алу қажет.

Шаруашылыққа қарасты № 4 бөлімшеде де техникалар ретке келтіріліп, алдағы науқанға әзірленуде. Бөлімше меңгерушісі Мұхит Раушанов бізге техниканы көрсетіп, бөлімшеге тиесілі 815 гектар суармалы жердің 284 гектарына бидай, 244 гектарына күріш, 287 гектарына көпжылдық шөп егу жоспарланып отырғанын әңгімеледі. Шаруашылық биыл суармалы жерді тиімді пайдаланып, 1633 гектар жерге бидай, 1648 гектарға күріш, 2166 гектарға көпжылдық шөп екпек.

Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
Балқаш ауданы