GLOBAL-2000: "HALYK BANK" РЕЙТИНГІ КӨТЕРІЛДІ

Уақыты: 05.06.2019
Оқылды: 912
Бөлім: ЭКОНОМИКА

"Halyk Bank" Global-2000 әлемдегі ең ірі және ең ықпалды компаниялардың жыл сайынғы рейтингісінде 1595-ші орыннан 1522-ші орынға көтерілді. Рейтинг нәтижелері "Forbes" журналының сайтында жарияланды.

Рейтингке халықаралық қор нарығында акциялары еркін түрде қолжетімді компаниялар төрт көрсеткішпен: активтер, айналым, кірістер және нарықтық құн есебімен енгізілген. Рейтинг мәліметі бойынша:

- "Халық Банктің" табысы 3 млрд долларды құрайды (2018 жылы 2,37 млрд доллар);

- Банк активтері 23,5 млрд долларды құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша ол 1138 орынды, 2018 жылғы көрсеткіш бойынша 26,62 млрд.пен 1021 орынды алды;

- Банктің пайдасы 718 млн. доллардан немесе әлемдегі 1067 орыннан асты. 2018 рейтинг көрсеткіштері 534,1 млн. доллар және 1351 орын;

- "Халық Банктің" нарықтағы құны бір жыл ішінде 3,6-дан 3,3 млрд. долларға дейін төмендеді.

"Халық Банк" барлық көрсеткіштер жиынтығында Global-2000 рейтингінің 1522 орнына көтерілді, бұл атаулы рейтингке қатысқан уақыт ішіндегі ең жақсы нәтиже болды. Банк, сондай-ақ, "Казкоммерцбанкпен" қосылғанға дейін 2018 жылы Global-2000 рейтингінде тұрақтап және жыл сайын өз позициясын жақсартып отырды. Осылайша 2013 жылы банк 1640 орынға, 2015 жылы – 1608 орынға, 2018 жылы – 1595-ші орынға орналасты.

Рейтинг ұйымдастырушылардың айтуынша, 2018 жылы әлемдік нарық АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қақтығысына байланысты жыл көрсеткіштері Америка сырғанағын еске салды: "Forbes" журналының 17-ші жыл сайынғы рейтингіндегі әлемнің ең ірі ықпалды компаниялары әлемдік экономиканың бүгінгі жағдайын көрсетеді", - делінген рейтинг алғысөзінде.

Айта кету керек, "Халық Банк" - ірі және ең ықпалды компаниялардың рейтингіне енген жалғыз қазақстандық компания. "Forbes" тізіміне енген 61 ел бар, атап айтсақ, АҚШ-та ең көп номинанттар саны – 575. Одан әрі Қытай мен Гонконг – 309, одан кейін 223 компаниямен Жапония тұр. Посткеңестік елдер арасында тек Қазақстан мен Ресейдің 22 компаниясы кездеседі.

Төртінші жыл қатарынан жаһандық тізімде «Газпром» 40 орын алған (2018 – 43 орын). "Сбербанк" тағы да 47-ші орынға ие болды, дегенмен, әлемдегі «аймақтық банктер» санатында үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ, әлемнің 100 ірі компаниясының ішінде «Роснефть» (52 орын) және "Лукойл" (97 орын) бой көрсетті.

Әлемнің ең қымбат компаниялары жалпы ірі рейтингте келесідей орналасты: "Amazon" - 28 орын, "Alphabet" - 17, "Microsoft" - 16, "Facebook" - 63, "Alibaba" - 59.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»