МИНИСТРДІҢ ІССАПАРЫ: ҚОРҒАСҚА ЦИРК ҒИМАРАТЫ САЛЫНАДЫ

Уақыты: 02.07.2019
Оқылды: 1278
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман СКЛЯР, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан ЕСІМОВ, «ҚТЖ»ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат МЫҢБАЕВ, «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен СӘРСЕНОВ және облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына жұмыс сапарымен келді.

Онда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» ауқымды халықаралық жобасының бір бөлігі саналатын «Нұр жолы» өткізу пунктінің жұмысымен танысып, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына және «Қорғас» халықаралық шегара маңы ынтымақтастығы орталығына» барды.

Қонақтарды «Қазақтех­­­­но­лоджис» ЖШС дирек­то­ры И.Жайлыбаев кү­тіп алып, жүк және жолау­шылар кө­лі­гі өтетін кеден­дік тек­серу пунктінің қыз­­метін таныстырды. Мем­­лекеттік-жеке­меншік әріптестік негізде салы­нып, өткен жылы бас­тап­қы бөлігі пайдалануға беріл­ген шегаралық тек­серу объектісіне әлемдегі ал­дың­ғы қатарлы, ТМД елде­рінде теңдесі жоқ тексеру құ­­рал­дары орнатылған. Бас жоспарға сәйкес өт­кел­­­ден күн сайын 2500 ав­то­көлік, 15 мың саяхатшы, оның ішінде 2200 жүк кө­лі­гі, 300 жолаушылар авто­бу­сын ары-бері өткізу меже­ленген. Болашақта тәу­лі­­гі­не 5000 автокөлікке дей­ін өткізу мүмкіндіктері қарастырылмақ.

Ас­таналық де­ле­га­­ция­ның бұдан ар­ғы сапары «Қорғас – Шы­ғыс қақпасы» арнайы эконо­микалық аймағында жал­­ғасты. Мұнда АЭА АҚ бас­шысы Мұрат Баймұқан­бе­­тов қонақтарға инвести­ция­лық жобалардың жү­зеге асу барысын таныстыр­ды. Ол «Құрғақ порт» жұ­мысын жіліктеп айтып, контейнерлік жүк тасымал­дау үрдісінің есе­леп өскенін жеткізді. Кон­тейнер­мен жүк тасымал­дау ісі жыл сай­ын қарқын ала түсуде. Мұнда 2023 жыл­ға дейін 455 миллиард тең­геге 14 жаңа жобаны жүзеге асыру жоспарланып, 3714 жа­ңа жұмыс орнын ашу мақ­сат етілген.

Қонақтар логистикалық ай­­мақ­қа орналасқан «А» клас­ты, аумағы 11,4 гек­тар жерді алып жат­қан жүк сақтайтын қой­ма құ­ры­­лысымен де таны­сып, «Қорғас» шегара ма­ңы ын­тымақтастығы орта­лы­ғын­дағы» жаңалықтарға да қаны­қты. Орталықта көп­­­теген жаңа сауда үй­лері са­лынып, шетінен пай­­да­­ла­нуға берілуде. Олар­дан тыс мұнда Шығыс ме­ди­ци­насымен ем­­деу орталы­ғы, цирк, көп­­­­­қабатты қо­нақ­үйлер са­­­л­ынбақ. Ха­лық­­аралық ор­та­лықтағы жа­­­ңа­лықтарды АҚ президенті Қаһарман Жаз­ин таныстырды.

Жыл өткен сайын ел қазы­насына қомақты қаржы әке­ліп отырған Қорғастағы жаңа жобалардың ретімен жүзе­ге асу ырғағына ас­та­налық қонақтар риза­шы­лы­ғын білдірді.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Панфилов ауданы