"ҚАНДАЙ ҚИЫНДЫҚТАРЫҢЫЗ БАР?" БАҒДАТ МӘНІЗОРОВ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Уақыты: 18.11.2019
Оқылды: 915
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат МӘНІЗОРОВТІҢ төрағалығымен селекторлық кеңес өтті. Оған аудан, қала басшылары қатысты.

Бағдат Сайланбайұлы алдымен жиында қаралатын негізгі мәселелермен таныстырды.Онда энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы бюджеттен бөлінген қаражатты мақсатты және толық игеру, негізгі капиталға салынғанинвестиция, қарапайым заттар экономикасы бойынша жоспарланған жұмыстардың жүзеге асырылу жайы қаралды. Кәсіпкерлік саласы бойынша көрсеткіштердің қалай орындалып жатқаны да осы кеңесте айтылды.

Жыл аяқталуға жақын. Үкіметтен бөлінген қаржытолық жұмсалу керек. Десе де, орындалмай жатқан шаруалармен игерілмей жатқан қаражат әлі бар. Бұған аудан, қала басшылары көңіл бөлуі тиіс. Осыны айтқан облыс әкімінің орынбасары экран арқылы байланысқа шығып, бірқатар өңір басшыларынан мұның себеп-салдарын сұрады.Осыған байланысты аталған салаларға жауапты басқарма басшыларының да жауабы тыңдалды.

Соңында:«Құрметті әріптестер, жыл соңы таяды. Қандай қиындықтарыңыз бар, айтыңыздар. Біз оны шешуге дайынбыз. Бәріміз бірігіп жұмыс істейік. Нәтиже керек», – деген облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға тапсырма беріп, жиынды қорытындылады.

Айгүл БАЙЖҰМАҚЫЗЫ

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды