ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ: САЛЫҚҚА ДА КЕШІРІМ БАР

Уақыты: 24.12.2019
Оқылды: 1100
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті елімізде осы жылдың аяғына дейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған салықтық рақымшылық жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған салықтық рақымшылық шегіне орай 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бересі сомасын салық төлеуші төлеген жағдайда, өсімпұл және айыппұл сомалары есептен шығаруға жатады. Бұдан басқа, жеке шоттарды жүргізу қағидаларына қосымшалар енгізуге сәйкес салық рақымшылығы 2018 жылғы 1 қазаннан кейінгі кезеңде 2018 жылғы 1 қазанға дейінгі салықтық кезеңіне қосымша салықтық есепті тапсырған салық төлеушілерге жүргізіледі.

Алматы облысы бойынша барлық аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында өсімпұлдарды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылған,олар салықтық рақымшылық шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілерді іріктеу үшін дербес шоттарды түгендеу жұмыстарын жүргізеді. Жалпы алғанда, облыс бойынша 2019 жылдың 20 желтоқсаны жағдайына 6339 салық төлеуші ​​2018 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша жалпы сомасы 482,5 млн.теңге бересіні өтеп, 136,2 млн.теңге сомасына өсімпұлдар және 22,0 млн.теңге айыппұлдар есептен шығарылды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың тамыз айынан жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық басталды.

Салықтық рақымшылық шеңберінде біздің азаматтар өткен жылдар үшін салықтық міндеттемелері бойынша негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда оларға өсімпұлдар шегерілетін болады.

Әр түрлі себептер бойынша жеке тұлғаларда елеулі қарыз сомалары бар, мысалы, жылжымайтын мүлікті сатуға байланысты есептелген көлік салығы немесе жеке табыс салығы. Салық кодексіне сәйкес мерзімін өткізіп алынған күн үшін есептелетін өсімпұлдың мөлшері азаматтарымыздың жағдайын қиындатады. Осыған орай, өткен салықтық кезеңдер үшін жиналған қарыздары бар жеке тұлғалар ағымдағы жылдың соңына дейін негізгі қарызды өтеп, салықтық рақымшылықты пайдалана алады.

Бұл ретте есептелген өсімпұлдар мемлекеттік кірістер органдарымен автоматты түрде есептен шығарылады.

Департаменттің 20.12.2019 жылғы жағдайы бойынша орындалмаған салық міндеттемелері бар тұлғалардың бірінші санаты бойынша жүргізілген салықтық рақымшылық нәтижелері 38 043 жеке тұлғалардан 159 675,5 мың теңге өсімпұл есептен шығарылды. Өтелген негізгі салық сомасы 675 144,9 мың теңгені құрайды.

Екінші санат бойынша (қате салық берешегі) 15 жеке тұлға, жалпы берешек сомасы 39,7 мың теңге, оның ішінде негізгі берешек сомасы 22,7 мың теңге, өсімпұл 17,1 мың теңге.

Ағымдағы жылдың соңына дейін есептелгенкүндер қалды, осыған байланысты негізгі қарызды өтеуге және салықтық рақымшылықпен пайдалануға асығыңыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Алматы облысы