ҮШ ЖЫЛҒА САЛЫҚТАН БОСАТУ: КОДЕКСКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Уақыты: 30.12.2019
Оқылды: 1015
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге хабарлама жасады. Хабарламада 2020 жылға арналған патент есебінде нені дұрыс көрсету керектігі жайында айтылады.

Президенттің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру барысында Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін (Салық кодексі) енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына микро және шағын бизнес субъектілерін үш жылға салық төлеуден босатуға қатысты толықтырулар енгізілді.

Біз бұл жерде табыс салығын төлеуден босату туралы айтып отырмыз. Бірақ бұл әлеуметтік төлемдерден босату деген сөз емес, әлеуметтік төлемдер төленеді.

2020 жылға арналған патент құнының есебі ағымдағы жылы (2019) ұсынылғанын ескере отырып, жеке кәсіпкерлердің салық есептілігі нысанын (СЕН) ұсыну және 2020 жылға патент құнын төлеу табысты көрсете отырып, жеке табыс салығы (ЖТС) төленбей жүргізілуі мүмкін екенін хабарлаймыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"