"АЛҒАШҚЫ ОНДЫҚТА ТҰР": ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНККЕ 25 ЖЫЛ ТОЛДЫ

Уақыты: 31.12.2019
Оқылды: 691
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Жақында BRIF зерттеуі біздің отандастарымыздың банкке таңдауын саналы және ұтымды түрде жасайтынын көрсетті. Көпшілігі ұзақ уақыттық тарихы бар және беделі тексерілген, қолайлы өнімдері мен тиімді талаптары бар ұйымдарға сенім білдіреді. Осындай банктердің қатарына құрылғанына 25 жыл толатын Еуразиялық банкті жатқызуға болады. Банктің өз болашағын қалай көретінін және клиенттерге не даярлайтынын білу үшін біз "Еуразиялық банк" АҚ Талдықорған қаласындағы №19 филиалының директоры Ерік Жарасұлы БАЙТУҒАНОВТЫ сөзге тарттық.

– Ерік Жарасұлы, банкті жиырма бес жылдығымен құттықтаймыз! Сіз банк қызметінің қорытындысын қалай бағалайсыз?

– Үлкен рахмет. Банк нарығындағы 25 жылды ауыз толтырып айтуға болады. Көпшілікке банктің бастапқыда Еуразиялық өнеркәсіптік топтың (ERG) кәсіпорындарына қызмет көрсету үшін құрылғаны аян. Сол уақыттан бері банк әмбебап қаржы институтына айналып, 2000 жылдан бастап, Қазақстанның ірі банктерінің ондығында тұр. 1994 жылы құрылған сәттен бастап біз активтерді 935 есеге арттырдық, кредит портфелін 450 есеге өсірдік және капиталды 27 есеге ұлғайттық.

– Ал банктің қаржылық көрсеткіштерінің өсуі экономикаға қалай әсер етті?

– Ең позитивті түрде. 25 жыл ішінде Еуразиялық банк 4,8 трлн.теңге кредит берді, оның 3,5 трлн.теңгесі экономиканың түрлі салаларындағы мыңнан астам жобаны қаржыландыруға жұмсалды. Мұның бәрі жаңа тауарлар мен қызметтерге, жұмыс орындарына, кәсіпорындар мен инфрақұрылым объектілеріне айналды.

Осы уақыт аралығында банк салықтар мен алымдар түрінде республикалық бюджетке 72,5 млрд.теңгеден астам қаржы аударды, ал бұл он үш мектеп, сегіз балабақша және үш емхана құрылысына жұмсалатын шығыстарға тең қаржы.

– Қазір Қазақстанның банк секторы қиын кезеңді басынан кешіруде. Сіздің басқаруыңыздағы банк дағдарыстың әсерімен қалай күресіп жатыр?

– Еуразиялық банк дағдарыстың теріс салдарын еңсеру үшін 2017 жылы банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасының бірінші қатысушысы болды. Бағдарлама талаптары бойынша банкті оның акционерлері мен мемлекет есебінен қайта капиталдандыру қарастырылған. Банк мемлекеттік қаражатты 150 млрд. теңгеге реттелген облигациялар шығару арқылы тартты. Оларды 15 жыл ішінде қайтару қажет. Өз кезегінде Еуразиялық банктің акционерлері 2022 жылға дейін 75 млрд. теңге енгізуге міндеттелді және 23,2 млрд.теңгені салып та қойды, ал 2019 жылы банктің 2018 жылғы бөлінбеген пайдасын – 11 млрд. теңгеден астамын резервтік капиталға жұмсады.

– Басқаша айтқанда, сіздерде барлығы бақылауда ма?

– Әлбетте, қаржылық тұрақтылықты арттыру бағдарламасына тұрақты қаржылық моделі бар, пайда табуға және мемлекетке ақша қайтаруға қабілетті банктер ғана қатысатынын түсіну керек.  Бұдан басқа, банк несие портфелін сауықтыру бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдады және 10 айдың қорытындысы бойынша жұмыс істемейтін қарыздардың деңгейін төмендету бойынша банктер арасында көшбасшы үштікте тұр.

Осы жылдың тамыз айынан бастап халықаралық аудиторлар AQR жобасы аясында 14 қазақ- стандық банктің активтерінің сапасы мен қаржылық тұрақтылығын объективті түрде бағалаумен айналысқан-ды. Оның қорытындысы бойынша Еуразиялық банк басшылығы қаржылық институтты одан әрі сауықтыру, кәсіпорындар мен халыққа кредит беруді арттыру жөніндегі жоспарын әзірлейді.

– Осы жылды қандай нәтижелермен аяқтайсыздар?

– Біз бөлшек сауда клиенттеріне өте белсенді түрде кредит береміз және осының арқасында бөлшек бизнесіндегі жетекші позицияларда орнығып  тұрмыз.

Осылайша, автокредит беру саласында Еуразиялық банк 55 пайыз нарықтық үлесімен тұрақты түрде бірінші орында тұр. Басқа сараланымдарда, POS-кредит беруде және тұтынушылық қарыздар беруде – біздің банк үшінші орында тұр және тиісінше нарықтың 22 және 9 пайызына ие. Бұдан басқа, Еуразиялық банк халықтың салымдары нарығының 5 пайызын ұстап отыр, бұл 408 млрд. теңгені құрайды және клиенттер сенімінің ең үздік көрсеткіші болып табылады.

– Қазіргі таңда бәсекелестік өте жоғары.  Клиентті қалай табуға болады?

– Клиенттер Еуразиялық банктің кредит беру талаптарының тиімділігін, мысалы, бөліп төлеуді, сондай-ақ, қызықты бонустық бағдарламасын атап өтті. Нәтижесінде 3,5 млн. азамат 360 мыңнан астам салымшыны қосқанда, еліміздің экономикалық белсенді ересек халқының үштен бірі түрлі тәсілдермен біздің қызметті пайдаланады деген сөз.

Бізбен өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы 300 ірі кәсіпорынды қосқанда 25 мыңға жуық қазақстандық компаниядан тұрады, 7,3 мың ұйым Еуразиялық карта арқылы жалақы төлейді.

Біз үдерістер мен рәсімдерді айтарлықтай жақсартудамыз: бизнеске кредит беруде скоринг моделі есебінен банк қазірдің өзінде-ақ ең аз құжаттар топтамасымен 30 минут ішінде шешім қабылдайды.

Осындай тәсіл азаматтарға кредит беруде де қолданылады:  қазақстандық автосалондардың көпшілігінде Еуразиялық банктің 200 сату нүктесі жұмыс істейді. Бұл бізге Қазақстанда әрбір екінші адамға  автокредит беруге мүмкіндік береді.

– Алдағы жылға жоспарларыңызбен бөлісесіз бе?

– Еуразиялық банктің бизнес-моделі болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді, бұдан былайғы стратегия инновациялар мен цифрландыру есебінен бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға бағытталған. Біз мобильді банкинг – Smartbank-ты жақсартудамыз, бұл пайдаланушыларға өз ақшасын кез келген уақытта басқаруға мүмкіндік береді.

Бұл аса маңызды қажеттіліктен туындады: соңғы жылдары Қазақстанның банк нарығы айтарлықтай өзгерді, бірнеше дағдарыстардан өтіп, басты ойыншылардың ауысуын бастан кешірді.  Біз алдағы уақытта банктер арасындағы бәсекелестік тек үдей түседі деп күтеміз. Ал біз бұған дайынбыз.

Рустам АХМЕТОВ